Біз жайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жамбыл облысындағы резиденция ғимараты «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды.
2023 жылдың 1 тамыз күні балалар игілігіне негізделген орталықтың салтанатты ашылуына көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас қатысып, өз құттықтауларын білдірді. “Мөлдір бұлақ” бақыт ордасы , балалық шақтың жарқын мекені жыл бойы балалардың игілігі үшін тоқтамай жұмыс жасайды. Орталықта 12 пән мұғалімдері, 11 қосымша білім беру педагогтары жұмыс атқарады. Әр ауысым сайын 50 бала 20 күнге демалуға келеді, жазғы уақытта 15 күн орталығымызда демалып, жазғы демалыстарын қызықты өткізеді